|
14.09.2023 | 19:19
743

«Қорғау-2023» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

50 әскери қызметкер біліктілігін шыңдауда

«Қорғау-2023» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр Almaty.tv

«Қорғау-2023». Алматы аумақтық қорғаныс бригадасының қызметкерлері ұрыс даласында біліктілігін шыңдап жатыр. Олар жауынгерлік міндеттер мен арнайы тактикалық дайындықтан өтеді. Жаңа әскери техникамен танысып, оны практикалық тұрғыда іске асыруды үйренеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әскери қызметкерлер мен запастағы майорлар кәсіби біліктілігін шыңдау үшін жылына екі рет бас қосып, жауынгерлік дайындықты пысықтайды. Мұнда Алматы қалалық Қорғаныс істер департаментіне қарасты 8 аудандық басқармасының басшылары мен әскери қызметкерлері бар. Олар 2 апта бойы арнайы тактикалық дайындықтан өтеді, қолдарына тапанша мен мылтық алып, топографиялық атыс ұйымдастырады.  

– Әскери құрлық бригадасы оқ-дәрі, қарумен қамтамассыз етті. Бүгін атудан оқу-жаттығу болып жатыр. Тек теория емес, практикалық сабақ өтеді. Әскери техника күн санап дамып жатыр, дайын болуымыз керек, деді запастағы майор Әуезбек Кодеков.

Қорғаныстың беріктігіне сенімді болу бейбіт күнде де маңызды. Әскердің қашанда қырағы, сақадай сай болуы заңдылық. Бүгінде біліктілігін шыңдап жатқан жауынгерлердің басты міндеті – Алматы қаласының қауіпсіздігіне жауапты болу. Стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетіп, түрлі төтенше және техногендік табиғи апат кезінде де әскери күштің көмегі қажет.

– Арнайы оқу-жаттығу 7-22 қыркүйек аралығында болады. 15 күндік жиынның барысында әскери міндетпен қордағы теориялық және практикалық сабақ өткізіледі. Офицерлер әскерді басқару, түрлі ұрыс қимылдары кезінде бөлімшелерді басқару және олардың жаңа әдістерін пайдалану сынды біліктілігін шыңдайды, – деді Алматы қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Ержан Рымбек.

Биылғы «Қорғау-2023» тактикалық арнайы оқу-жаттығу жиыны Алматы облысы Іле ауданына қарасты Қараой полигонында өтіп жатыр. Мұнда барлығы офицерлік құрамнан тұратын 50 әскери қызметкер бар.

Еске салайық, мұндай құрам 2018 жылдан бері әр облыс пен өңір және қала жанынан құрылған болатын.

Ұлағат Арғын, Хангелді Ахметханов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қазақстанға ұшқышсыз басқарылатын аппараттар жеткізілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир