|
19.12.2023 | 19:44
1649

Еліміздегі әуежайлар шетелдік инвестордың қолына өтуі мүмкін

Қазір жолаушылар тасымалдап жүрген 5 әуе компаниясы бар

Еліміздегі әуежайлар шетелдік инвестордың қолына өтуі мүмкін Almaty.tv

Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда әуежайлары шетелдік инвесторлардың қолына өтуі мүмкін. Қазіргі таңда тараптармен сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. Бұл туралы бүгін көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әуежайларды сенімгерлік жолмен басқаруға ниетті шетелдік компаниялардың алдымен тәжірибесі, кейін қаржысы болуы тиіс. Марат Қарабаевтың сөзінше олар инфрақұрылымды дамытуға міндетті болады. Ал бұл бағытқа жалпы 2 млрд 400 млн доллар жеке инвестиция тарту көзделген.

– Алдағы уақытта елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында жерүсті инфрақұрылымын дамыта отырып мынандай 3 бағытта жұмыс атқарылады: авиаотынмен қамту, арнайы техника және жабдықтарды жаңарту әуежайлардың іргелес аумағында ұшу қауіпсіздігін жоғарлату, – деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.  

Келер жылдан бастап қазақстандықтар тікелей Куала-Лумпур, Сингапур, Токио қалаларына ұша алады. Бірнеше мемлекетке жаңа рейстер ашу жоспарланған. Сондай-ақ ел ішінде әуе тасымалын жақсартуға да көңіл бөлінеді. Қарағанды, Шымкент әуежайларының ұшу-қону жолақтары жаңартылады. Оңтүстік астанадағы жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы да 2024 жылға жоспарланып отыр. Сәтті іске асса, Алматы әуежайының өткізу қабілеті 5 есеге артып, 14 млн адамға дейін жеткізілмек. Ал таяуда ғана араб инвесторына өткен елорда әуежайы да жаңғыртылады.

– Әуежайларды дамыту да қосымша шараларды талап етеді. Бұл үшін әуежай инфрақұрылымын дамытып, қосымша жүктер мен жолаушыларды рәсімдеу процестерін толық автоматтандыру қажет. Бұл 30 жылға қара жүк көлемін жылына 130 мың тоннадан 1 млн тоннаға дейін, ал жолаушылар ағынын 25 млн адамға ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Елімізде жолаушылар тасымалдап жүрген 5 әуе компаниясы бар. Олар 90 ұшақ бар. Аптасына әр қалаға 700-ден астам рейс жасалады. Министр жыл соңына дейін әуе паркі 11 ұшақпен толықтырылатынын жеткізді. Ал жалпы 2025 жылы 25 ұшақ сатып алынбақ.

Кәмшат Мұхамеджан, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайы 9 миллионыншы жолаушысын салтанатпен күтіп алды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир