Енді Төтенше жағдайлар мен Экология министрлігіне қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін. Аудиторлар қос органның 2019-2022 жылдардағы қаржылық қызметіне сараптама жүргізуді көздеп отыр. Бұл туралы жоғарғы аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, тексерудегі басты мақсат – министрліктерге бөлінген қомақты қаржының қаншалықты дұрыс бағытта жұмсалғанын анықтау. Өткен жылы елдегі мемлекеттік органдарда 238 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық тіркеліпті.
«Бізде Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша аяқталмаған аудит бар. Өткен жылғы Қостанай облысында болған өртті, биыл Абай облысында болған өртті, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрлігінің дайындығы болмағанын ескере отырып, қосымша шешім қабылдаймыз», – дейді Жоғарғы аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова.
Оқи отырыңыз: Елімізде өрт сөндіруге арналған техникалар жеткілікті ме: ойран салған орман өртінің салдары талқыланды