Алматыда 21 мыңнан аса адамға қаржылай көмек берілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда карантин кезінде әлеуметтік осал топтарға барынша қолдау көрсетіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда карантин кезінде әлеуметтік осал топтарға барынша қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала бойынша бүгінгі күнге дейін 21 мыңнан аса адамға қаржылай көмек берілді. Қалғандарының қолына тиісті ақша 5 күн ішінде тиеді. Олардың қатарында бірінші топ мүгедектері, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен жетімдер бар. Сондай-ақ, «Birgemiz» қоры тарапынан Алматы қаласына 2 миллион медициналық бетперде жіберіледі. Ол 40 мың мұқтаж адамды қамтуға жетеді. Жақында Елбасының тапсырмасымен карантин жариялаған қос қалаға 150 миллион теңге қаржы бөлінген еді. Бұл аталған көмек күн сайын көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар адамдарға, соғыс ардагерлеріне көрсетіліп жатыр. Жалпы қаржылай көмек 7 мың адамға көрсетілсе, бүгін 4200  адам қаржыға қол жеткізді.

«Азаматтардың аталған санаттар бойынша тізімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес жасалды. Егер көмек алушы аталған санатқа кіретін болса, онда ол адамға көмек міндетті түрде көрсетіледі. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Ақша жәрдемақы немесе зейнетақы түсіп жүрген карточкаңызға «Almaty Birgemiz» қоры мен «Nur Otan» партиясының атынан смс-хабарландырумен бірге түседі», – деді Nur otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав КАНКУРОВ.

Новости партнеров