2026 жылы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыратын жоба іске қосылады

Depositphotos
Depositphotos

Жоба халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттырып, оларға қажетті препараттарды таңдау мүмкіндігін береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыратын жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Келесі жылдың басынан бастап жеке дәріхана ұйымдары арқылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықсыздандыру жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жоба халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттырып, оларға қажетті препараттарды таңдау мүмкіндігін береді", — деді ол.

Министрдің атап өтуінше, қазірдің өзінде денсаулық сақтау жүйесіндегі жасанды интеллект технологиялары отандық клиникаларда флюорография, маммография, рентгенография, КТ және МРТ талдау кезінде инсульт, өкпе, сүт безі қатерлі ісіктері мен пневмонияны анықтау үшін қолданылады.

"Бірқатар медициналық ұйымда дәрігерлерге тексеру нәтижелерін жылдам талдауға және пациенттерге көбірек уақыт бөлуге көмектесетін жасанды интеллект ассистенттер жұмыс істей бастады. Жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайтынын, керісінше оның мүмкіндіктерін күшейтетінін, медицинаны барлық азамат үшін заманауи әрі қолжетімді ететінін атап өткен жөн", — деді Ақмарал Әлназарова.

Оқи отырыңыз: Алматы ресми түрде World Craft Сity мәртебесін алды

 

Новости партнеров