Алматының мониторингтік тобы эпидемияға қарсы шаралардың сақталуы бойынша 3,5 мыңға жуық нысанды тексерді

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
15 –18 маусым аралығындағы мониторингтік топтар ШОБ-тің 276 нысанын тексерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының мониторингтік тобы эпидемияға қарсы шаралардың сақталуы бойынша шамамен 3,5 мыңға жуық нысанды тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда коронавирус инфекциясының таралуымен күрес аясында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтар жұмыстарын жалғастыруда. 15 –18 маусым аралығындағы мониторингтік топтар ШОБ-тің 276 нысанын тексерді.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысындағы тәртіпбұзушылықтар келесі нысандардан анықталды: қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан «Асхана» желісінің үш асханасы, сонымен бірге, «Имран», «Саяхат», «Сырмак», «Казан» асханалары, «Лагманхана», «Пещера»,  «Пекинская утка», COFFEEROOM & TRATTORIA, Comein, «Мята лаунж», «Шашлыкoff», «Шашлычная», «Достар»,  Meat & beer,  «Чай ла», Mr.Donerci, «Чайхана», «Алатау», «Дом», «Кофейня», «КОТ кофейня»,  «Теплица», Holder, «Недель», Кitchen shisha, «Блинная», Mr.Donerci, «Хот дог», Чак-чак «Кафе быстрого питания»,  Doner Burger Pizza,  «Ак Булак»,  «Атуш», «Восточная Кухня» кафетерийлері. Тізімде «Шеф», Harissa, «Грузинская кухня», «У Афанасича», «Грузинская кухня Чачапури» мейрамханалары, Chunnes Pub, «Пивной Бар» барлары, «Техно шеф» кулинарлық студиясы, ProfTerra. Pride, «Мария», Vitrin,  «Восторг» «Имран», «Тиан де», «Жұлдыз», «Аділ», «Ай», «Акжар», «Арай», «Азия»,  Respect, Rieker азық-түлік дүкендері, сондай-ақ, қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан «Дүкен» деген атаудағы екі дүкен бар. Сонымен бірге тәртіпбұзушылар арасында автошиналар және дисктер дүкені, «Альтаир», Coreana, «Моя Индия», «Тысячи мелочей», Cotton, «Рай для женщин», «Индийский трикотаж» азық-түліктік емес дүкендер, Musthave Barbershop, Insta salon, «Бьюти Д и Б», VIRABEAUTYCLUB, «Арзу» «Авесса»-3, Барбер Шоп, «Натали» сұлулық салондары, шаштараздар, ALTAIBusinessHotel, Absolute қонақүйлері және Mobilnik мобильді аксессуарлар дүкені, самса, донер, фризерлі балмұздақ сататын дүңгіршектер, А, Аптека дәріханасы, аяқ киім жөндеу орны, оқу орталығы, «Дентал», Энерго Экспертиза стоматологиялық орталықтары, Тас Кредит,  «Алтын Гарант» ломбардтары, Миятова Г.Д ЖК,  Нурекина Г.С. ЖК,  Ли Т.М.ЖК Нотариусы, Хасанова М.Д ЖК Нотариусы, , Н Шингисбаева Т.К ЖК Нотариусы, Абдрашитов ЖК Нотариусы,  Абишев Т.Б ЖК Нотариусы, Нотариус ЖК, адвокат-нотариустары, сонымен бірге, «Алматы Газ» абонеттік есептеу орталығы» ЖШС  бар.


Эпидемиологтар санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын ескертті. Аталған нысандарда  мынадай тәртіп бұзушылықтар анықталды, олар:

- әлеуметтік қашықтық белгілерінің болмауы;

- байланыссыз термометрияның сақталмауы;

- жеке қорғану құралдарын тиісінше пайдаланбау және кәдеге жаратпау

Есепке алу журналының болмауы;

- санитайзерлердің болмауы;

павильондардың кіреберістерінде дезинфекциялау кілемшелерінің болмауы;

- пайдаланылған маскалар мен қолғаптар үшін қоқыс жәшіктерінің болмауы;

- азық-түлік дүкендеріннің өнімдерінде қорғау пленкаларының болмауы.


Сонымен бірге жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша анықталған тәртіпбұзушылықтар жойылғанға дейін 22 нысанның қызметі тоқтатылды. Олардың арасында Yes Style аяқ киім бутигі, Luisa Spagnoli киім бутигі, Via Roma киім бутигі, «Актив» ломбарды, Luckee Yu, «Салем», «Eden», «Чайхона №1», London, «Столовая», «У Анарыча», Bazzlama, «Лагманхана», «Айша», «Акжол» кафетерийлері, «BEER», «Продукты», "Панда", «То, что надо», "Настя", "Ғалым" азық-түлік дүкендері, «Баян сұлу» сұлулық салоны бар.


Алматы қаласы бойынша барлығы 3442 нысан тексерілді. Олардың ішінде 402 нысаннан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптардың бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты, ескертулерді түзеткенге дейін 303 нысанның қызметі тоқтатылды (олардың ішінде 284 нысан басшылықтың шешімімен, 19 нысан қаулылар бойынша ).


Сонымен бірге, қоғамдық көлікте санитарлық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 16 маусымда #102, 48, 19, 115 бағыттардағы қоғамдық көліктерге тексеру жүргізілді. Оның барысында жолаушылардың, сонымен бірге жүргізушінің де жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және жоюдың ережелерін дұрыс сақтамау бұзушылықтар анықталды. Аталған автопарктердің басшыларына ұсыныс хаттар дайындалады. Эпидемиологтар автобус жолаушыларына КВИ алдын алу бойынша түсндіру жұмыстарын жүргізді.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда, олардың құрамына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі аудандық департаменттерінің, кәсіпкерлік бөлімдерінің, «Атамекен» аймақтық палатасының өкілдері, полиция қызметкерлері және БАҚ өкілдері кіреді.

Новости партнеров