|
10.09.2020 | 05:03
14122

Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстар зейнетақы қорындағы жинақтарын біріктіріп, баспана ала алады – сарапшы

Салымшылар қаражатты қолға ала алмайды

Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстар зейнетақы қорындағы жинақтарын біріктіріп, баспана ала алады – сарапшы ашық дереккөз

Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстар зейнетақы қорындағы жинақтарын біріктіріп, баспана ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Міндетті зейнетақы жүйесі басқармасының бас сарапшысы Бақдəулет Қалкөзов «Алматы» арнасының тікелей эфирінде мәлімдеді. Ал шара қалай жүзеге асады? Мұны министрлік өкілінің өзінен сұрап көрмекпіз.

– Бақдәулет мырза, кеш жарық! Жеткілікті шегінен асып, шешуге қажетті сомасы көп болып тұрса, оны алу үшін дәлел қажет бола ма?

– Қайырлы кеш! Сұрағыңызға рахмет! Жалпы кез келген салымшы БЗЖҚ қаражатты шешу кезінде ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл жерде тек қана бір ғана талап бар. Ол сома жеткілікті шектен асу керек. Егер жеткілікті шектен асатын кез келген сомма болатын болса, ол зейнетақы қорындағы қаражаттың қалған бөлігін шешіп алуға мүмкіндігі бар.

– Жинаған қаржысы жеткілікті шегінен асып тұрған бір отбасының мүшелеріне, мәселен ерлі-зайыптыларға жинақтарын біріктіруге бола ма? Мәселен, баспана сатып алу үшін делік?  

– Әрине, болады. Бұл жерде салымшылар белгілі бір мақсатқа зейнетақы қаражатын шешу кезінде, егер өзінің есепшоттағы қаражаты жеткіліксіз болатын болса, онда өзінің жұбайы, әйелінің зейнетақы шотындағы қаражатымен бірлесіп, шешіп алуға болады. Сонымен қатар, бұл жерде жақын туыстарының қаражатымен де бірігіп алуға  болады. Жақын туыстары дегеніміз: ол атасы, әжесі, ата-анасы немесе ағасы, сіңілісі, қарындастары.

– Ал, салымшылар ақшаны қолға ала алмайды, солай ма? Қалай жүзеге асуы мүмкін? Жалпы қандай құжаттар қажет?

– Салымшылар қаражатты қолға ала алмайды. Бұл біріңғай оператор арқылы жүзеге асырылады. Зейнетақы шотындағы қаражаттың берілуі ашықтығын қамтамасыз ету үшін біріңғай оператор барлық процестерді бір өтініш негізінде жүзеге асыратын болады. Мысалға алатын  болсақ, ТҮҚЖБ негізінде құрылатын отбасы банкіне Тұрғын үйді сатып алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүгінген кезде, осы оператор бір өтініш негізінде жүзеге асырады. Сол өтінішті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен барлық дербес деректерді көреді. Сонымен қатар ,БЗЖҚ салымшының жеткілікті шектен асатын соммасының бар-жоғын тексереді. Егер барлық талаптар сәйкес келген болып тұрса, онда сатушыға немесе мекемеге сол қаражатты аудара алады.

– Жауабыңызға рахмет! Бізбен тікелей байланыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Міндетті зейнетақы жүйесі басқармасының бас сарапшысы Бақдəулет Қалкөзов болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир