Қала үйлерінің бірінде жасырын сауда ұйымдастырған 40 жастағы азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді
Ақмола облысында вейп сатқандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10 желтоқсанда Степногорск қаласында жедел профилактикалық іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары заңсыз электрон темекі сатумен айналысқан тұрғынды анықтады.
Қала үйлерінің бірінде жасырын сауда ұйымдастырған 40 жастағы азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді.
"Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сауда нүктесін тексеру барысында тәртіп сақшылары 200 дана электрон темекіні тәркіледі. Бұл - шамамен 2 миллион теңгенің өнімі. Тергеу нәтижесінде күдікті маусымнан бастап заңсыз кәсіппен айналысып келгені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті өз әрекетінің заңға қайшы екенін мойындады.
Ақмола облысының полиция департаменті тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
Оқи отырыңыз: Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды