Қаржылық мониторинг агенттігі жалған валюта айналымының жолын кесті
Алматы мен Оралда шетел банкноттарын заңсыз сатумен айналысқан топ анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі жалған валюта айналымының жолын кесті. Заңсыз ақшаны саудаға салған топтың тұрғылықты жерін тінту кезінде шамамен 15 мың АҚШ долларын құрайтын жасанды 149 купюра табылды.
Ал Батыс Қазақстан облысында ұйымдасқан топ лотерея клубына 25 мың АҚШ доллары мен 10 мың еуроны бәс тігу мақсатында өткізген. Бұл жағдайларға қатысты сот санкциясымен күдіктілерге бұлтартпау шарасы қолданылды.
Жыл басынан бері жалған валюта жасап, айналымға салған 8 адам жазаға тартылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
"Жалпы, жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра бар. Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады. Жалпы, биыл жалған купюралар жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында қырылған итбалықтар саны мыңнан асты