Алматыда мемлекеттік қызмет алу жәрмеңкесі басталды

Игі іс-шара апта сайын шаһардың 8 ауданында өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекеттік қызмет алу жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Игі іс-шара апта сайын шаһардың 8 ауданында өтеді. Онда тұрғындар жауапты басқармалардан тегін көмек алады. Мамандар азаматтарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, электронды құжат толтыру ісіне жәрдемдеседі. Жәрмеңке әр бейсенбі таңғы 9:00-ден 14.00:00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, аталған іс-шара мемлекеттік қызмет алушылар күніне орай ұйымдастырылған.

«Кеңес алған азаматтарға құжаттары бойынша көмектесіп жатырмыз. Олар ХҚКО-ға барып, электронды қолтаңбасы арқылы керек қағазын қолына алады. Яғни, цифрлық сауаттылықты да арттыру көзделген. Халықтың мемлекеттік қызметтерден басқа сұрақтары, өтініші көп», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы Мақсат Жаңбыршиев.

Оқи отырыңыз: Ата заң-30: Шымкентте әлеуметтік төлемдер тағайындалды

Новости партнеров