Яна Легкодимованың ісін ашқан атыраулық полицейлер марапатталды

polisia.kz
polisia.kz

Аса ауыр қылмысты ашуда ерекше көзге түскен бірқатар полицейге марапат табысталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда аса ауыр қылмысты әшкерелеген полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаментінде қызметтік міндетін абыроймен атқарып, аса ауыр қылмысты ашуда ерекше көзге түскен бірқатар полицей марапатталды.

Тергеу әрекеттерін сапалы жүргізіп, кәсіби шеберлік танытқан тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды.

Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Аслан Смағұл мен Наурызбек Рахманов "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Ал Серіжан Сабитов пен Гүлфарида Төлегенова "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісіне ие болды.

"Марапатқа себеп болған - 2024 жылы із-түзсіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты ашуда атыраулық полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекеті. Тәртіп сақшылары бейнебақылау деректерін саралап, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, істі толық ашты", - делінген хабарламада.

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін марапатталған атыраулық полицейлердің жұмысы — құқық қорғау саласындағы сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Оқи отырыңыз: Абай облысында мемлекеттік жер телімдері заңсыз пайдаланылып келген

Новости партнеров