Дәрігерді соққыға жыққан: Қостанайда ер адамға шыққан үкім өзгеріссіз қалды
Аlmaty.tv
Соққыдан дәрігер бас сүйек-ми жарақатын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облыстық сотының алқасы дәрігерге абайсызда ауыр жарақат келтірген ер адамға қатысты үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс материалдарына сәйкес, шілде айында ер адам қабылдау кезінде уролог-дәрігермен сөзге келіп, оның бет тұсына жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан дәрігер қабырғаға соғылып, бас сүйек-ми жарақатын алған.
Сотталушының әрекеті абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп бағаланып, Қостанай қаласының №2 соты оған алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Апелляциялық шағымды қараған сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Оқи отырыңыз: Жеті адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11