Жеті адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қайғылы жол-көлік апаты 2025 жылдың 5 шілдесінде болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 7 адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сот мәліметінше, 2025 жылдың 5 шілдесінде жүргізуші D. «Kia Sedona» автокөлігімен Алматы – Екатеринбург трассасының 791-шақырымында жол ережесін бұзып, жол жиегіндегі шұңқырға түсіп, кейін темір қоршауға соғылған.

«Көлік өртеніп, салонда болған 7 жолаушы қаза тапқан. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Сот тергеуі барысында жүргізушінің кінәсі толық дәлелденді. Прокурор 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, сотталушының қорғаушысы ең төмен жаза тағайындауды өтінді.

Сот жеңілдететін мән-жайларды — айыпталушының жас баласының барын және өкінуін ескеріп, Д.-ны 5 жылға бас бостандығынан айырып, көлік басқару құқығынан 7 жылға шектеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Жеті адамның өмірін жалмаған жол апаты: жүргізушінің жағдайы туралы айтылды

Новости партнеров