Екі мыңнан астам күдіктіге электронды білезік тағылып, бақылауға алынды

Күдіктілер күнделікті өмір салтын, әлеуметтік байланысын және жұмыс орнын сақтай алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл алты айда елімізде 2 мыңнан астам күдіктіге электронды білезік тағылып, бақылауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот жүйесіне заманауи технологияларды кеңінен қолдану Жоғарғы Сот төрағасының бастамасымен жүзеге асқан. Яғни сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде күдіктілер қамауға алынбайды. Бастысы, тергеу органдары технология көмегімен үйқамаққа алынған күдіктіні бақылай алады. Былтырдан бастап қолданысқа енген жобамен Қызылорда облысының соттары белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл аймақта 253 күдіктіге электронды білезік тағылған.

«Электронды мониторинг жүйесін қолдану мемлекет үшін шығыны аз, сонымен бірге, қамауға алуға қарағанда, әлдеқайда тиімді әрі адамгершілікке сай болып табылады. Бұл ретте күдіктілер күнделікті өмір салтын, әлеуметтік байланысын және жұмыс орнын сақтай алады», – деді Мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ғалым Шыңғысов.

Ел бойынша 2021 жылы электрондық бақылау құралдарын қолдану 3%-дан аспайтын болса, былтыр үй қамағына алынған тұлғалардың 60 пайызына аталған әдіс қолданылған.

«Үйқамаққа алып,  электронды құралдарды қолдаудың арқасында тергеудің де заңсыз тәсілдеріне тосқауыл қойылып отыр деп есептейміз», – деді облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаев.

Оқи отырыңыз: Педофилдерді жазалау ережесі өзгереді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров