Елімізде дәрі-дәрмекті тіркеу тәртібі жеңілдетіліп, мерзімі қысқартылды

Депутат тіркеу мерзімін қысқарту арқылы дәрі тапшылығының алдын алуға болатынын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде дәрі-дәрмекті тіркеу тәртібі жеңілдетіліп, мерзімі қысқартылды. Бұрын препараттарды сараптау мен тізімге енгізу процесі 210 күнге дейін созылатын болса, енді бұл уақыт 100 күнге шейін азайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ал АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Корея секілді елдерде тіркелген дәрілер Қазақстанда 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, препараттарды қабылдап алу уақытының ұзаққа созылуы елдегі дәрі тапшылығына әсер етіп отыр. Сөзінше, азаматтар кей жағдайда қажетті дәрі-дәрмегін отандық дәріханалардан таба алмайды. Салдарынан халық препараттарды шетелден алдыруға мәжбүр болады. Депутат тіркеу мерзімін қысқарту арқылы дәрі тапшылығының алдын алуға болатынын айтты. Сонымен қатар бұл өзгеріс бағаның төмендеуіне де ықпал етеді.

«Егер Қазақстанда көп дәрілер тіркелсе, онда монополия да азаяды деген сөз. Біз көрдік қой. Мысалы жоғары аудиторлық палатаның талдауы болды. Бір ауруды емдеу үшін бір дәрі-дәрмек керек. Сол дәрі-дәрмек Қазақстанда тек біреу ғана тіркеліпті. Оның бағасы бірнеше млн болды. Ал екінші дәрі-дәрмекті министрлік тіркеген уақытта дәл сол күні жаңағы бірнеше млн тұратын дәрінің бағасы 4-5 есе азайған. Неге? Өйткені нарыққа бірнеше дәрі пайда болса, бағасы да түседі, – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Алатау қаласында аэротакси сынақтан өтіп жатыр

Новости партнеров