Елімізде электр самокатты пайдалануға қатысты ереже күшейеді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Сондай-ақ самокаттарды тіркеу және тіркеу нөмірлерін беру тәртібі белгіленеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа заңда жол қауіпсіздігін жақсартуға және электр самокаттарын жалға беру операторларының қызметін реттеуге бағытталған өзгерістер ұсынылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін әрбір электр самокатқа қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі.

Сондай-ақ мұндай самокаттарды тіркеу және тіркеу нөмірлерін беру тәртібі белгіленеді.

«Жалға берушілер жүргізуші куәлігі жоқ немесе одан айырылған адамға электр самокатты басқаруға рұқсат бергені үшін жауапты болады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Енді қоғамдық орындарда ниқаб кигендер жауапқа тартылады

Новости партнеров