Елімізде жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Рейд барысында автопатрульдер саны артты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елде үш күнде жол қозғалысы ережесін бұзудың 22 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл – республика көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы нәтижесі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Рейд барысында бақылау күшейтіліп, автопатрульдер саны артты.

Ал Қостанай облысында бес күннің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 800-ден астам дерегі тіркелді.

Мас күйінде көлік басқарған 18 жүргізуші ұсталса, куәлігінен айырылғанына қарамастан тізгінге отырған екі адам жауапқа тартылды.

Сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 9 жағдайы анықталды.

Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция жасырын патрульдеу әдісін, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және заманауи фото-бейнетіркеу кешендерін пайдаланып жатыр. 

Оқи отырыңыз: Алматы базарлары заман талабына сай жаңарып жатыр