Қазақстанда МӘМС қаражатын бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Енді көрсетілмеген медициналық қызметтерді азаматтардың өзі де тексере алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын бақылау күшейеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры енді медициналық ұйымдарға ақша аударылғаннан кейін емес, төлем жасалмай тұрып заңсыз немесе негізсіз шығындардың алдын алатын жаңа бақылау моделін енгізіп жатыр.

Жүйе аясында Qalqan IT-платформасы, автоматтандырылған антифрод және тәуекелдерді талдайтын цифрлық құралдар іске қосылады. Олар нақты уақыт режимінде медициналық көмектің көлемін, жаппай жалған жазбаларды, қызмет көлемін қолдан ұлғайту деректерін және заңсыз медициналық қызмет көрсету белгілерін анықтайды.

Сонымен қатар азаматтар өз атына рәсімделген медициналық қызметтердің тізімін тексеріп, шын мәнінде көрсетілмеген қызметтер туралы тікелей хабарлай алады.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде 5 жарым миллионнан астам қазақстандық тұрғын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеп, жүйеге қатысып отыр.

Ал жыл басынан бері жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге қатысты 72 материал құқық қорғау органдарына жолданып, 27 қылмыстық іс тіркелген.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 3,7 млрд теңге болған. 

Оқи отырыңыз: Петропавлда өзен жағалауы бекітіліп, жаңа демалыс аймағы пайда болады