Табиғатты қорғау прокуратурасы заң нормаларын сақтамаған 21 компанияны анықтаған
Қостанай облысында экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорындарға 50 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Табиғатты қорғау прокуратурасы заң нормаларын сақтамаған 21 компанияны анықтаған. Ластану деңгейі ең жоғарысы қаланың өнеркәсіптік аймағында тіркелген. Онда рұқсатсыз бетон зауыты мен асфальт қоспасын өндіретін қондырғы жұмыс істеп келген. Прокуратура өкілдері өңірде экологиялық бақылау күшейтілетінін жеткізді.
«Компанияға 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, заңсыз қызметі тоқтатылды. Сот шешім шығарғанда кәсіпорынның ауаға зиянды қалдықтар шығаратын екі бірдей нысанды іске қосқанын ескерді», – деді Табиғатты қорғау прокуроры Дамир Аишев.
Оқи отырыңыз: БҚО-да 16 жастағы қызды зорлаған шенеуікке қатысты қылмыстық іс қайта тергеледі