Қазақстанда туа біткен жүрек ақауы бар қанша бала тіркелген

Алматыда биыл 18 жаңа туған нәрестеге жүрекке ота жасалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде елімізде туа біткен жүрек ақауы диагнозы қойылған 380 мыңнан астам бала бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Спикерлердің айтуынша, республика бойынша жыл сайын шамамен 2,5 мың жағдай тіркеледі екен, оның 400-ге жуығы Алматы қаласына тиесілі. Ал биыл алғашқы 6 айда мегаполисте 18 жаңа туған нәрестеге ота жасалыпты.

«Біз соңғы 3 жылдан бері ғылыми конференция ұйымдастырып келеміз. Онда туа біткен жүрек ақауы диагнозы қойылған балаларға көмек қолын созу мәселесін қарастырамыз. Бұл - балалар арасындағы ең жиі кездесетін патологиялардың бірі, көбіне алғашқы кезеңдерде ешқандай белгісі болмайды. Сондықтан ата-аналар жағдайдан бейхабар болып, дәрігерлер дер кезінде диагноз қоя алмайды. Сәйкесінше, емдеу шаралары да кеш қолға алынады», - деді «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыров.

Ақ халаттылардың айтуынша, заманауи перинаталдық скрининг әдістері жүктіліктің 18–21 апталарында жүрек ақауларының 85%-ына дейін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгінде Қазақстанда жаңа туған сәбилерге, соның ішінде салмағы төмен балаларға да кардиохирургиялық операциялар жасауға толық техникалық мүмкіндік бар.

Ал медициналық көмек уақытылы көрсетілмесе, мұндай ақаулар ауыр асқынуларға әкеп соғып, нәрестенің өміріне қауіп төндіруі мүмкін дейді дәрігерлер. 

«Жүктіліктің екінші триместрінде жасалатын фетальды эхокардиография – күрделі жүрек ақауларын ерте анықтауға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Ерте диагностика ата-аналарға босануға дайындалуға және одан кейінгі ем қабылдайтын клиниканы таңдауға мүмкіндік береді», - деді балалар кардиологы Әйгерім Жанатқызы.

Оқи отырыңыз: Алматыда 46 медициналық нысан салынып, жаңғыртылып жатыр

Новости партнеров