Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы қашан басталады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Алматы қаласының аграрлық салаға қатысы бар азаматтарды үлес қосуға шақырамыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылғы 1 тамызда Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл санақ ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы өзекті деректердің маңызды көзіне айналады. 
Санақ екі кезеңде өтеді және 2025 жылғы 20 қазанға дейін жалғасады:

Онлайн-кезең – 1–31 тамыз: Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысатын барлық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары қатысуы міндетті.

Сауалнама sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі.
Офлайн-кезең – 20 қыркүйек–20 қазан:

Онлайн-сауалнамадан өтпеген ауыл шаруашылығы субъектілерін интервьюерлер барып аралайды.
Онлайн режимде санақтан өту үшін Алматы қаласы әкімдіктерінің ғимараттарында және Алматы қаласының Статистика департаментінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылады.

Толық ақпарат пен кеңес алу үшін 1446 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.
Алматы қаласының аграрлық саласына қатысы бар барлық азаматтарды санақтан өтіп, ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосуға шақырамыз.

Оқи отырыңыз: Маман тапшы: су шаруашылығы мамандықтарына оқу гранты екі есеге артты

Новости партнеров