Қазақстанда ұлттық нейрожелі платформасы іске қосылады

Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ұлттық нейрожелі платформасы іске қосылады. Халық бұл жүйе арқылы жасанды интеллект жасауға қажет мәліметтер мен құралдарға қол жеткізе алады. Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті заңды қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Жасанды интеллект туралы» құжат азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, деректерді қорғау және инновациялық бастамаларды қолдау мақсатында әзірленген. Депутаттардың айтуынша, заң жобасы жасанды жадыны пайдалану кезінде азаматтардың құқықтарын қорғайды.

Ал Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, Қазақстан әлемде нейрожелі туралы заң қабылдаған алғашқы елдердің қатарында екен.

«Біз жаңа ғана өте маңызды заң қабылдадық. Мемлекет басшысы таяудағы өзінің Жолдауында алдымызға үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық елге айналдыру жөнінде ауқымды міндет қойды. Қазақстан әлемде мұндай заң қабылдаған алғашқы елдердің қатарында. Заңды қабылдау барысында цифрландыру саласындағы озық әлемдік тәжірибелер мен тәуекелдердің барлығы ескерілді. Әділеттілік, заңдылық, ашықтық, адам құқығы мен жеке мәліметтерді қорғау басты принцип ретінде қарастырылып отыр», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Оқи отырыңыз: "Зәбір көріп жатырмыз": Көкбазарда саудагерлер басшылық әрекетіне наразы

Новости партнеров