Кінәлі адамдар жауапқа тартылады: Үкімет МӘМС-ке қатысы тексеруді бастады
Аlmaty.tv
Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі ДСМ жүйесіне интеграцияланбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешімді қолдағанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мемлекет басшысы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Тиісті тексерулер басталып кетті. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануға тиіс. Бұл қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Президенттің барлық тапсырмасын жүзеге асыру елімізді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай стратегиясына енгізілгені және барлық құрылымның үйлесімді жұмысына байланысты екені баса айтылды.
"Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы елімізді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай ұзақмерзімді стратегиясымен үндесіп жатыр. Оларды жүзеге асыру барлық құрылымның нақты әрі үйлесімді жұмысына байланысты. Әрбір басшы дербес жауапты болады. Президент тапсырмаларының орындалуын тікелей өзім бақылауға аламын", — деп атап өтті Премьер-министр.
Оқи отырыңыз: Үкімет жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу жөнінде ұсыныстар дайындамақ
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37