Павлодар облысында 5 адам вейп сатқаны үшін ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Полиция 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ, оларға сұйықтықтарды тұтынудың электрон жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысы полиция департаментінің жедел қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын қауіпті электрон темекі, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Заңсыз қызметі үшін 5 күдікті ұсталды.

Қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер жүздеген мың электрон темекі құрылғысын, 1 миллион теңгеден аса ақша қаражатын, бухгалтерлік құжаттаманы, жазбалар және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тапты.

Заңсыз қызметі үшін 5 адам ұсталды, олар топта әрекет ете отырып, интернет-ресурстар арқылы Павлодар аумағында электронд темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді өткізуді ұйымдастырды.

"Темекіге жатпайтын темекі бұйымдарының, электрон тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Полиция 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда вейптерді, сондай-ақ, оларға сұйықтықтарды тұтынудың электрон жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Медеу» БСК-ға дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделді

Новости партнеров