Референдумға дейін:
22
күн
19
сағат
35
минут

Рамазан: Бас мүфти Оразада азық-түлік бағасын өсірмеуге шақырды

ҚМДБ
ҚМДБ

Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Ардақты ағайын, қадірлі жамағат! Сіздерді исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала қасиетті айда ұстайтын оразамызды, ізгі амалдарымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай.  

Ораза – ең алдымен жүректің амалы. Рамазан – жүректі тазартуға, ниетті түзетуге, нәпсіні тәрбиелеуге және тақуалыққа жетуге мүмкіндік берілген қасиетті ай. Оразаның шынайы рухын түсінген адам ас пен судан тыйылуды басты мақсат етпейді. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ой мен жүректі түрлі дерттен тазалау, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безендіру", - деді Бас мүфти. 

Тақырыпқа сай: Рамазан: дін өкілдері қасиетті айда көпшілікті игі істерге белсенді қатысуға шақырды

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы Рамазан айына байланысты кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын төмендетуге шақырды. 

"Сан ғасырдан бері Ислам дінін рухани тірегі еткен халқымыз берекелі Рамазан айын ерекше дайындықпен күтеді. Сауаптар еселеніп жазылатын айда ауызашар беріп, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап,үлкендердің алғысы мен батасын алуға тырысады. Аллаға шүкір, оразада игі ниетпен орындалатын ізгі амалдар бүгінде салт-дәстүрімізге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Осы ретте барша отандастарымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық. 

Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз. Берекелі, сауабы мол айда Алланың мейіріміне бөленіп, әрбір ізгі амалымыздың жақсылығы еселеніп жазылғай", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Оқи отырыңыз: Рамазан: ораза қабыл болу үшін не істеу керек

Новости партнеров