ШҚО-да тасжол бойында жалғыз жүрген әйел жақындарына тапсырылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Полиция қызметкерлері әйелдің аман-есен үйіне оралуына көмектесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері тасжол жиегімен кетіп бара жатқан әйелді байқап, оған көмек көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ШҚО Полиция департаментінен хабарлағандай, патрульдік қызмет атқарып жүрген полиция майоры Ришад Нұралдин мен полиция аға лейтенанты Жасұлан Оралбеков жол бойында жалғыз жүрген әйелді байқап, жанына тоқтаған.

Мән-жайды анықтау барысында оның үйінен өз бетінше шығып кеткені белгілі болды.

"Полицейлер әйелмен тілдесіп, оған қажетті көмек көрсетті. Кейін оны үйіне жеткізіп, күтім жасайтын жақындарына тапсырды",- делінген хабарламада.

Осылайша, полиция қызметкерлері ықтимал қауіптің алдын алып, әйелдің аман-есен үйіне оралуына көмектесті.

Оқи отырыңыз: Тауар аларда бөліп төлеудің қандай түрлері бар және айырмашылығы неде