Шымкентте 24 метрлік құдыққа құлап кеткен сәби құтқарылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 24 метрлік құдыққа құлап кеткен екі жасар қыз бала құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден хабарлама түскен.

"Тұрғын үй аумағында ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа құлап кеткен.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілді. Келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне шығарды.

Қыз бала ары қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Оқи отырыңыз: Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек

Новости партнеров