Шымкентте екі аптада 75 аялдаманы қиратып кеткен: әкімдік қандай шара қабылдамақ

Жыл басынан бері 175 аялдаманың жарығы қиратылған 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте вандализм тыйылмай тұр. Бар болғаны екі апта ішінде бұзақылар 75 аялдамаға зиян келтірген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тұрақтардың бірінде жарықтандыру желісі қиратылса, енді бірінде әйнектер сынған. Кейбіреуінің тіпті атаулары мен қоғамдық көліктердің бағыты көрсетілген тақтайшалары да жұлынған.

Әкімдік өкілдері мұны жай бұзақылық емес, қаскүнемдік деп бағалап отыр.  

«Жыл басынан бері 175 аялдаманың жарық шамдары зақымдалды. Тоқ көзінен кесілді. Қазіргі уақытта олардың барлығы қайта қалпына келтірілсе де, тағы да 70 аялдаманы тоқ көзінен ажыратып кетті. Жай ғана алады да, қиып кетеді. Мұны енді полиция департаментіне жолдадық», - деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Оқи отырыңыз: Қостанайда дәрігерді ұрған ер адам бостандыққа шықты: жәбірленуші сот шешіміне наразы

Новости партнеров