Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққан күдіктілер ұсталды – ІІМ

elements.envato.com
elements.envato.com

Мемлекет басшысы кінәлілерді тауып, жазалауды тапсырған болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбазының пойызда соққыға жығылуы бойынша атышулы қылмыстық істің тергеліп жатқанын хабарлады. Мемлекет басшысы кінәлілерді тауып, жазалауды тапсырған болатын, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтиеме жасап.

«Қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды.

Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды», - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Қазіргі кезде екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Әскердегі әлімжеттік: Президент ІІМ шұғыл тапсырма берді

Новости партнеров