Қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы артатыны айтылды
Жедел жәрдем қызметі бәріне жетеді. Денсаулық сақтау министрлігі ішкі өзгерістер туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Таңғы 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін 4-санаттағы науқастар тіркелген емхана қызметкерлері барады. Ал түнгі уақытта жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетпек. Дәрігерлердің сөзінше, шақыртудың 50 пайызы 4-санаттағы науқастардан түседі. Сондықтан, осындай өзгеріс енгізу туралы шешім шығарылды. Бұл өз кезегінде жедел жәрдем қызметкерлерін күту уақытын азайтуға септеседі.
"Халық осы уақытқа дейін жедел жәрдемді қалай алып отырса, бұйрық жобасы бекітілген күнде де көмек алады. Мәселе қай бригадамен қамтамасыз етілетінінде. Екіншіден, бұл – жедел медициналық көмек", – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдыралиева.
Оқи отырыңыз: Атырауда тергеу изоляторының бастығына сот үкімі шықты