«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты». 2025 жылға дейін елде 800 мың бала заманауи мектепте оқуға мүмкіндік алады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласындағы маңызды мәселелерге назар аударып, білікті кадр даярлауға үстемдік беруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сала мамандары да оқушыларға жайлы орта құру және мектептерді жаңғыртуға қатысты түйткілді шешу керек екенін атап өтті. Олар «оқу-білім саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету – елдің болашағы үшін маңызды қадам» дейді.
– Жолдауда үш мәселе - жалпы білім беретін заманауи үлгідегі мектептердің санын арттыру мәселесі айтылды. Ескі ғимараттарды жаңаша үлгіде күрделі жөндеу ден өткізу керек. Сондай-ақ жекеменшік білім ордаларының саны көбеюі тиіс, – деді М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Гүлжаһан Орда.
Президенттің Жолдауында айтылған тағы бір маңызды мәселе – кадр тапшылығы мен техникалық мамандардың жетіспеушілігі. Бұл тұрғыда сарапшылар еліміздегі өндіріс пен технология алға басуы үшін арнайы техникалық және IT жеткілікті болуы маңызды екенін алға тартып отыр.
– Жұмыссыздар саны жоғарғы оқу орнын бітіргендердің есебінен артық. Сондықтан да өмірге қажетті мамандықтарды дамыту мәселесі өзекті. Техникалық арнайы мамандықтарға баулу мәселесі, колледждердің жұмысына да көңіл бөлді, – деді М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов.
Оқи отырыңыз: Педагог мамандығын таңдаған талапкерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті