|
16.08.2022 | 11:43
2063

Өскеменде 3 баласы бар құрлысшы әйел жоғалып кетті

1975 жылғы туған Садыкова Сәния Кадырханқызы 12 тамыз күні шамамен сағат 18.00 – 19.00 шамасында жоғалған

Өскеменде 3 баласы бар құрлысшы әйел жоғалып кетті altaynews.kz

Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

1975 жылғы туған Садыкова Сәния Кадырханқызы 12 тамыз күні шамамен сағат 18.00 – 19.00 шамасында жоғалған.


Сәния үй әрлеу, еурожөндеумен жұмыстарымен айналысады. 12 тамыз күні кешке Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесі аумағындағы бір үйдегі тапсырысты аяқтап, 60 мың теңге алып үйіне қайтқан. Содан бері хабар-ошарсыз. Үйінде жақындар мен 3 баласы күтіп отыр.


Басында орамалы, жылтыр кепка, үстінде ақ спорттық киім және ақ спорттық аяқ киімі бар. Жақындарының айтуынша, жоғалған әйел дін жолында екен. Ішімдікке немесе басқа да әдеттерге үйір емес.


Полиция жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адам болса, дереу 102 желісі бойынша хабарласуды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Бесағашта бір апта бұрын жоғалып кеткен қыздың қайда болғаны белгілі болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир