Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы жоқ

Almaty.tv
Almaty.tv
Соңғы ақпарат бойынша жер сілкісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, елшілікке отандастар хабарласпаған.

– Елшілік және басқа да қазақстандықтармен қоса алғанда, отыздан астам Қазақстан азаматы тұрады. Барлығы аман-есен, ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрімен хабарласып отырмыз, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Еске сала кетейік, Мароккода 4 күн бұрын магнитудасы 6,9 балдық зілзала болды. Табиғи апат салдарынан көптеген ғимарат қирап, үйіндіге айналды. Кейбір өңірлерде жарық өшіп, сумен қамту жүйесі бұзылды. Соңғы ақпарат бойынша жер сілкісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтаған.

Оқи отырыңыз: Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 2800-ге жетті

Новости партнеров