Осыдан үш күн бұрын үйіндегі газ баллоны жарылып, тілсіз жаудан аман қалған отбасыға көмек көрсетілетін болды. Нұр Отан партиясы отбасының үйін ретке келтіріп денесін күйік шалған отағасының емі үшін бар жағдайды жасамақ. Еске салайық, 1 қыркүйекте Бостандық ауданының жеке тұрғын үй секторында өрт болған еді. Айтып келмейтін апат неден болды? Қатты жарқаттанған үй иесінің жағдайы қалай? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын айтады.
Тілсіз жау дәл осы бөлмеден шыққан. 1 қыркүйекте таңертең үйдің отағасы жұмысқа шықпақ болып осы бөлмеге кріген кезде ойламаған жерден қайғылы жағдайға тап болған. Төтеншеліктер дәл қазір үйде тұруға қауіпті деп таныған. Сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Светлана Поварова бұл үйде 50 жылдан бері тұрады. Айтуынша, бұрын-соңды мұндай қауіп болмаған. Өрттен кейін аудандық төтенше жағдайлар қызметі жүргізген сараптама нәтижесінде үй астынан магистральді газ трубасы жүргізілгені анықталды. Бұл аса қауіпті саналатын көрінеді. Үйдегі газ баллоннының жарылуы да осы жер асты жолымен жүргізіліп жатқан құбыр кесірінен болуы мүмкін.
Дәл қазір Светлана үйді ретке келтіргеннен бұрын жолдасының жағдайына алаңдаулы. Себебі өрттің кесірінен оның денесінің 70 пайызын күйік шалған. Қазір қалалық №7 ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Отбасының жанайқайын естіген аудандық Нұр Отан партиясы қарап қалмады. Ержан Абесинов есімді азамат қолдан келгенше қол ұшын беріп жатыр.
«Біздің тарапымыздан қазір бұл кісінің жолдасына медициналық көмек ретінде барлық дәрімен қамтамассыз етіп жатырмыз. Отағсының жағдайы біздің назарымызда. Одан бөлек, төтенше жағдай қызметкерлерінің сараптамасы шыққанан кейін үйін ретке келтіріп беруге барлық көмекпен жағдайды жасауға тырысамыз», – деді Нұр Отан партиясы Бостандық ауданы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі төрағасының орынбасары Ержан Абесинов.
Светлана қазір үйіне жапсарлас орналасқан бөлмеде тұрып жатыр. Үй иесі газ жағуға әбден қорқып қалған.
«Қиын кезеңде бірінші болып көмек көрсеткен баршаңызға көп рахметіміді айтамын. Қазір үйдің тірегі ауруханада жатқан кезде, әсіресе, Нұр Отан партиясының ер азаматтары келіп, барлық жағдайымызды сұрап, хабар алып жатыр. Шын жүректен алғыс білдіргім келеді», – деді Светлана Поварова.
Светланаға қазір көмек қай жағынан болса да қажет. Жәрдем беремін деген жомарт жандар болса экранда көрсетілген есеп шот пен нөмірге хабарласуына болады.
ЕСЕП ШОТ:
KZ 32722С000015935614
ЖСН 670804400233
8 - 747- 441-21-97