ШҚО-да алтын өндіретін фабрикада жұмысшы қаза тапты

Almaty TV
Almaty TV

Аталған факті бойынша мемлекеттік комиссия құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО-да Күршім ауданындағы Маралды алтын өндіретін фабрикасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша, нысандағы кран істен шығып, оның жүргізушісі басқалардан техниканы сүйреп апаруды өтінген. Бірақ маневр кезінде оның өзі трактор мен кранның арасында қалып, жаншылып қалған. Қазір аталған факті бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, кінәлілерді анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

– Комиссия оқиғаның мән-жайын тексеріп, кінәлілерді анықтайды. Тергеу қорытындысы бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданады. Бұл ретте жұмыс беруші аталған қызметкердің еңбек міндетін орындауына байланысты материалдық көмек көрсетіп, залалды өтейтін болады, – деді мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Талғат Орынбеков.

Оқи отырыңыз: Атырауда кәсіпкерлер неге жалақысын ала алмай отыр

Новости партнеров