Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз
Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
15 тамыздан 18 тамызға дейін қатарынан үш түн бойы, сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін, Қайырбеков көшесінен бастап ШААЖ-қа дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі