|
18.05.2022 | 18:49
672

Отанымыздың жақсылық пен дамудың даңғыл жолына түскені қуантады – Раушан Сартаева

Отанымыздың жақсылық пен дамудың даңғыл жолына түскені қуантады – Раушан Сартаева

Философия ғылымдарының кандидаты Раушан Сартаева Қазақстанның реализациялық, модернизациялық тұрғыдан дамығанын құптаймыз дей келе, алдағы референдумге белсенді қатысуға шақырды деп хабарлайды Almaty.tv.

«Отанымыздың жақсылық пен дамудың даңғыл жолына түскені қуантады. Бұл үшін үлкен қозғалыс керек болған. Біздіңше көптің күткені де осы реферндум арқылы жүзеге асатын өзгерістер деп ұғамыз. Бұл төңірегінде жыл басында Саясаттану, философия және дінтану институтында талқылағанбыз. Жаңа өзгерістің орын алғанын қалағанбыз. Ол жағы қазіргі таңда орындалды. Қазақстанның реализациялық, модернизациялық тұрғыдан дамығанын баршамыз құптаймыз. Кейбір кісілер 1993 жылғы алғашқы Конституцияны қайтаруды да айтып жүр. Ендігі бір кісілер бүгінгі қолданыстағы заңдарды қатайтайық дегенді алға тартады. Әрине, қызу пікір талас көп-ақ. Деседе, қазіргідей алмағайып заманда президенттік-парламенттік басқару үлгісін құптаған болар едік. Бұл уақыт талабы болып тұр. Мемлекет басшысы да тарихи сәттің үстінде тұрғанымызды сезінуде. Сондықтан жеке біреулердің қалтасы үшін емес, мемлекет болашағына қызмет еткен дұрыс. Сонда жастарға айқын бағыт-бағдар ұсына аламыз. Қастерлі отанымыз баршамыздың панамыз демекпін», – деді философия ғылымдарының кандидаты Раушан Сартаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир