АҚШ-тан келген байқаушы Алматыдағы 6 сайлау учаскесін 3 сағат аралады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, тәуелсіз бақылаушылар МИссиясының АҚШ атынан мүшесі Уильям Вайц баспасөз конференциясына қатысып, таңертеңгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, алматылықтардың дауыс беруге барғанын атап өтті.
Күн аяқталғанша халықаралық бақылаушы мегаполистің әр түрлі бөлігінде орналасқан 20 учаскеге баруды жоспарлап отыр.
«Сайлау учаскелерінде мен әр түрлі жастағы адамдарды көрдім, жастар да бар, үлкен кісілер де бар. Ешқандай наразылылық болған жоқ, мен өз көргеніме риза болдым», - деп атап өтті америкалық.
Ричард Уильям Вайц Франция мен Ресейден көптеген жергілікті және шетелдік бақылаушыларды көргенін айтты.
Баспасөз орталығының спикері Қазақстанда АҚШ-қа қарағанда сайлауға барынша жауапкершілікпен қарайтынын, басты айырмашылықтардың бірі осы болса керек деп атап өтті. АҚШ-та сайлауда халқының жартысынан азы дауыс береді. Сондай-ақ АҚШ-та бақылаушыларға сайлау учаскелерінің ішінде болуға тыйым салынады, олар оны сырттан бақылайды.