|
11.01.2021 | 00:52
3178

Exit poll: алматылықтар кімге дауыс берді

Алматыда дауыс берген 126 232 сайлаушыдан сауалнама алынды

Exit poll: алматылықтар кімге дауыс берді Фото : vlast.kz

2021 жылғы 10 қаңтарда ҚР Парламент мәжілісі мен Алматы қаласы мәслихатын сайлауды өткізу күні «Астана – кешенді әлеуметтік талдаулар институты» КӘТИ «СОЦИС-А» жеке қоры сайлауда учаскелердің сыртында дауыс беруге арналған учаскелерден шыққан сайлаушылардан Exit poll — сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларды «Астана – кешенді әлеуметтік талдаулар институты» КӘТИ «СОЦИС-А» жеке қорының атқарушы директоры Игорь Кузнецов пен саясаттанушы Эдуард Полетаев жариялады.

Сауалнама әкімшілік ғимараттардан тыс жерлерде үздіксіз ағын әдістемесі бойынша жеке сұхбаттасу әдісімен жүзеге асырылды.

Алынған мәліметтердің репрезентативтілігін арттыру мақсатында қаланың барлық 8 әкімшілік аудандарында мониторинг жүргізілді.

11 қаңтардағы сағат 00:30-дағы жағдай бойынша, Алматыда дауыс берген 126 232 сайлаушыдан сауалнама алынды.

Нәтижесі келесідей болды:

- «ҚХП» үшін 13,3% сайлаушы дауыс берді.

- «Nur Otan» үшін 58,9% сайлаушы дауыс берді.

- «Ауыл» үшін 9,2% сайлаушы дауыс берді.

- «Ақ Жол» үшін 13,7% сайлаушы дауыс берді.

- «ADAL» үшін 4,9% сайлаушы дауыс берді.

Зерттеу нәтижелерінің әлеуметтік қателігі ±2%-дан аспайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир