|
10.01.2021 | 15:27
2786

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда өз дауысын берді

Сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталған

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда өз дауысын берді Liter.kz

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов №235 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталған. Алматы қаласы аумағындағы учаскелер саны 581-ді құрайды. Сайлау комиссиясының мүшелері үшін 163 мың бетперде, 5036 бір реттік медициналық халат, 5036 дана бет экраны, 10 мыңнан астам жұп қолғап, 590 дезинфекциялық аяқ киім кілемшесі және 2950 литр антисептик сатып алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир