|
12.01.2021 | 16:05
1171

Ассамблея депутаттары әлем бірлігін нығайтуға күш жұмсауы тиіс

Ассамблея мүшелері осылай айтты

Ассамблея депутаттары әлем бірлігін нығайтуға күш жұмсауы тиіс

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутатқа артылған жүк ауыр. Олар тек ел емес, бүкіл әлем бірлігін нығайтуға күш жұмсауы тиіс. Ассамблея мүшелері осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейінгі буынның жоғары біліктілік танытып, тиісті деңгейде өз міндеттерін атқарды. Ал енді жаңадан сайланғандардан ел бірлігі мен руханиятты дамыту жолында жаңа табыстар күтеміз дейді ассамблея өкілдері.

«Сайланғандар тек ел даму үшін ғана емес, халық бірлігін нығайту жолында ауқымды жұмыстар атқарса екен деп күтеміз. Руханиятты, рухани ауызбіршілікті дамытады деп сенеміз. Қазақстанның әлемдік аренадағы мәртебесін нығайту бойынша бірлескен қызықты іс-шаралар жүргіземіз деп ойлаймын», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Алматы қаласы бойынша орынбасары Казбек Мамсуров.

«Олардың екеуі алматылықтар екенін мақтанышпен айтамын. Олар шаһар үшін, жалпы ел үшін өте ауқымды жұмыс атқарып жүр. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының одан әрі жақсаруын, түрлі әлеуметтік бастамалар мен жалпы ел дамуына зор үлес қосады деп күтеміз», – деді «Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Всеволод Лукашев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир