|
10.01.2021 | 20:25
885

Сайлау ашық әрі әділ өтуде – елордалық бақылаушылар

Сайлау процесі бірқалыпты, талапқа сай жүріп жатыр

Сайлау ашық әрі әділ өтуде – елордалық бақылаушылар iacis.ru

Елордадағы сайлау учаскелерінде халықаралық бақылаушылар өз міндеттерін толықтай орындап жатыр. ТМД елдерінен келген бақылаушылар саяси науқанның ашық әрі әділ өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сайлау процесі бірқалыпты, талапқа сай жүріп жатыр. Біз Қазақстанға 2019 жылы Президент сайлауында да келгенбіз. Бұл жолғы сайлау өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Учаскелер өз уақытында Әнұранмен ашылды. Сайлаушылар таңертең ерте келді, олардың сайлау процесіне деген белсенділігі қуантты»,– деді ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий.

«Сайлау учаскелері өз уақытымен ашылды. Біз ешқандай заң бұзушылықты көрмедік. Бәрі талапқа сай өтуде. Өзімізде сақтық шараларын ұстандық. Нормаға сай, бетперде тағып, қолғап кидік», – деді ТМД Парламентаралық Ассамблея кеңесінің халықаралық бақылаушылар тобының жетекшісі Алексей Майоров.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир