|
22.12.2020 | 20:47
2977

Сапалы әрі қолжетімді баспана, мектепке дейінгі білім және коммуналдық қызметтер: Nur Otan партиясы Алматы халқымен кездесуді жалғастыруда

Отбасы институтын нығайту үшін Nur Otan партиясы сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй алу үшін жағдай жасайды

Сапалы әрі қолжетімді баспана, мектепке дейінгі білім және коммуналдық қызметтер: Nur Otan партиясы Алматы халқымен кездесуді жалғастыруда пресс-служба

Nur Otan партиясы Алматы халқымен кездесуді жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Nur Otan партиясы атынан Мәслихат депутаттығына кандидаттар Айнабұлақ шағын ауданының тұрғындарымен, Алатау ауданының мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің басшыларымен, Алматы технологиялық университетінің еңбек ұжымымен кездесті, сондай-ақ салынып жатқан теннис кортына мониторинг жүргізді. Пандемияға қарамастан, Nur Otan партиясы мегаполисті ұзақ мерзімді дамыту - «Алматы 2050» Стратегиясы бойынша жұмысты жалғастыруда.

«Алматыда 5 жыл ішінде жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жоспарланған. Мысалы, Жетісу ауданында 2022 жылға дейін 3 бағдаршам нысанының құрылысы, 5 реттелетін және 6 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі, күрделі жөндеуді қажет ететін 40 аула аумағын абаттандыру жоспарланған», - деп атап өтті «Алматыинжстрой» АҚ Бас директоры және директорлар кеңесінің мүшесі Асхат Шілікбаев.

Отбасы институтын нығайту үшін Nur Otan партиясы сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй алу үшін жағдай жасайды. Партияның қолдауымен «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 жыл ішінде тағы 5 000 Жаңа пәтер пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдар аралығында Алматыда 3940 орынға арналған 15 мемлекеттік мектепке дейінгі және 12 380 орындық 324 жеке меншік ұйымдардың құрылысы жоспарлануда.

Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан нысанға мониторинг жүргізді. Партияның Алатау аудандық филиалы жанындағы ПБК төрайымы, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Н.И. Ниязова салынып жатқан теннис кортына барып, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтауы бойынша түсініктеме берді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир