|
22.11.2022 | 18:39
3547

Президент сайлауының қорытындысы жарияланды

Жалпы 8 300 046 адам сайлауға қатысты

Президент сайлауының қорытындысы жарияланды egemen.kz

Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Кеше біз президент сайлауының алдын ала қорытындысын жарияладық. Енді барлық шешім негізінде 20 қарашада өткен президенттің кезектен тыс сайлауын қорытындылай аламыз. Жалпы 8 300 046 адам сайлауға қатысты, бұл - жалпы сайлаушылардың 69,44 пайызы.

Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар:

Қарақат Әбден - 206 206 дауыс немесе 2,6%;

Нұрлан Әуесбаев - 176 116 дауыс немесе 2,22%;

Жигули Дайрабаев - 271 641 дауыс немесе 3,42%;

Мейрам Қажыкен - 200 907 дауыс немесе 2,53%;

Қасым-Жомарт Тоқаев - 6 456 392 дауыс немесе 81,31%;

Салтанат Тұрсынбекова - 168 731 дауыс немесе 2,12% дауыс жинады", - деп мәлімдеді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Әбдіров осылайша Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғанын айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир