|
28.03.2023 | 15:33
2420

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы елге оралды

Олар Қытайдан кейінгі екінші орынға ие болды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы елге оралды Almaty.tv

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан астанасы Делиде өткен әлем чемпионатын аяқтады, - деп хабарлайды Almaty.tv. 

Қорытындыға сәйкес, біздің спортшылар барлығы 6 жүлдеге қол жеткізген. Оның екеуі – күміс, төртеуі – қола. Отандық боксшылар жүлде саны жағынан жалпы есепте Қытайдан кейінгі екінші орынға ие болды.

«Дайындығымыз жақсы болды. Бірақ былтырғы әлем чемпионатынан кейін жарақат алған болатынмын. Сол жарақатты емдеумен болдық, сондықтан көп үзіліс болды. Жарыс қиындау болды», – деді қола жүлде иегері Алуа Балқыбекова.

«Әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті, барлығы жақсы болды. Алайда, 6 медальдің ішіне 2 күміс, 4 қола ғана болды. Алтын ала алмадық Құдай қаласа, келесі жолы аламыз деп ойлаймын», – деді қола жүлде иегері Фариза Шолтай.

Әлем чемпионаты Үндістанда үшінші рет өтіп отыр. Толық құрамда бақ сынаған Қазақстан әйелдер құрамасы алдағы Азия ойындарына дайындықты бастамақ. «Одан кейінгі мақсат - Париждегі олимпиадаға лицензия ұту» дейді жаттықтырушы.

«Физикалық жағынан, моральдық жағынан қыздарымыз жақсы деңгейге жетіп қалды. Алдымызда әлі Азия ойындары, спартакиада бар. Соларға жақсы дайындаламыз деп ойлаймын», – деді жаттықтырушы Долкунжан Кәмеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир