Азия кубогі: баскетболдан Қазақстан құрамасы келесі кезеңге өтті
Екінші айналымның ойындары жыл аяғында болады
Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне іріктеудің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Спортшылар өз алаңында төрт құрамаға қарсы ойнап, соның үшеуін айқын басымдықпен жеңді. Соңғы кездесу кеше Шри-ланка құрамасына қарсы болды. Баскетболшыларымыз алғашқы сәттен-ақ басымдықты қолға алып, аралдық елдің жігіттеріне еш мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп 87-58.
Оның алдында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 88-67 есебімен жеңсе, Мальдивті жетпіс ұпай басымдықпен тас-талқан еткен. Тек Палестинаға есе жіберді. Олар өз тобында екінші орынмен келесі кезеңге жолдама алды.
Екінші айналымның ойындары жыл аяғында болады.
«Мақсатымызға жеттік. Екінші орынға ие болдық, келесі деңгейде өттік. Осы шара қала әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр», – деді ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпысов
Оқи отырыңыз: Александр Бублик US Open турнирін жеңіспен бастады