Елена Рыбакина келер жылдың басында қандай турнирге қатысады

Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан теннис федерациясы

Ол турнир Австралияның екі қаласында өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) қатысатын алғашқы турнир United Cup болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл турнир 27 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Австралияның екі қаласында – Перт пен Сиднейде өтеді.

«Сондай-ақ United Cup-та Қазақстан құрамасы сапында Александр Шевченко, Дмитрий Попко, Александр Недовесов және Жібек Құламбаева өнер көрсетеді», - делінген хабарламада.

Елена Рыбакинаның алдағы жоспарларына келетін болсақ, ол 2-9 қараша аралығында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін WTA финалдық турнирінде өнер көрсетеді. Рыбакина өзінің соңғы турнирін тамызда өткізген болатын: ол US Open-де сәтсіз өнер көрсетіп, бірінші айналымнан кейін жарыстан шығып қалған еді. Содан бері қазақстандық теннисші кортқа шықпаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатына дайындауға шетелдік маман атсалысады

Новости партнеров