Саин көшесінде көлік жылдамдығы 80-ге өзгеретін болды
prosedan.ru
Бағанашылдан Қожановаға дейін және кіші Желтоқсан көшесіне айналар тұстағы аумақта жылдамдықты 60 тан асыруға болмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері Саин көшесіндегі жылдамдықты өзгертуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өткен түннен бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы көлік жылдамдығы сағатына 80 шақырымға көтеріліп, Саин көшесі 60-пен қалған еді. Сонымен қатар, Бағанашылдан Қожановаға дейін және кіші Желтоқсан көшесіне айналар тұстағы аумақта жылдамдықты 60 тан асыруға болмайды. Ал, бүгін полиция департаментінің өкілдері қайта сараптама жасап, Саин көшесіндегі жылдамдықты өзгертуге шешім қабылдаған. Жол белгілері жұмыс күнінің соңына дейін түгел ауыстырылып бітуі керек. Барлық бейнебақылау камералары қайта теңшелген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10