|
17.03.2022 | 09:57
689

SCAT пен Qazaq Air Ақтөбеге рейстерді тоқтатты

Бұған дейін Air Astana Ақтөбеге рейстерді тоқтататынын хабарлаған болатын

SCAT пен Qazaq Air Ақтөбеге рейстерді тоқтатты Пресс-служба Qazaq Air

Тағы екі қазақстандық авиакомпания ұшу-қону жолағын жөндеу жүріп жатқан Ақтөбе әуежайына рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

SCAT 31 наурызға дейін Ақтөбеге ұшуларды тоқтататыны туралы хабарлады. Жолаушылар сатып алған жерінен билет құнын толықтай қайтара алады. Рейсті басқа күнге қайта брондауға да болады.

Сондай-ақ 17-23 наурыз аралығында бұл қалаға Qazaq Air де ұшпайды. Мына рейстер тоқтатылды: Нұр-сұлтан - Ақтөбе - Нұр-Сұлтан, Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе, Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе, Ақтөбе – Түркістан - Ақтөбе.

Билет әуе компаниядан алынса, info@flyqazaq.com электронды поштасы арқылы өтініш жолдау керек. Брондау нөмірі мен кері байланыс мәліметін көрсету қажет. Билет агенттікте рәсімделсе, сол жерге хабарласуға кеңес берілді.

Бұған дейін Air Astana Ақтөбеге рейстерді тоқтататынын хабарлаған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

әуе жай
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир