Қазақстандық жүргізушілер көлік салығынан босатылуы мүмкін

Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден
Қозғалтқыш көлемі үлкен көліктер мәселесі Үкіметте қаралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын жою мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Бұл мәселе жаңа Салық кодексі аясында талқыланып жатыр. Ол сән-салтанат салығымен бірге кешенді түрде қарастырылады. Шынымен де, көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Бірақ оны тыңғылықты қарастырған жөн. Өйткені біз саралаймыз. Көлік салығы қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін жою көзделетін шығар. Қазір қосымша есептеулер жүргізіп жатырмыз, - деді Азамат Әмрин Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте.

Оның айтуынша, көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстырған жағдайда жанармай бағасы қымбаттайды.

- Біз шамамен 80 млрд теңге көлік салығын жинаймыз, шамамен 5 млн тонна мұнай өнімдерін пайдаланамыз. Егер көлік салығын жанармайға арналған акцизге ауыстырар болсақ, онда көлік отынының бағасы 14 теңгеге қымбаттауы тиіс, - деді Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Оқи отырыңыз: «Ұлы дала жорығы»: арғымақ мінген арулар 500 шақырымнан соң үйіне қайтты

Новости партнеров